Алматыда ҰҚТ мүшесінен граната мен героин тәркіленді
«Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) белсенді мүшесі болып табылатын Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғынынан Алматыда граната мен героин тәркіленді, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз. |
Ақпаратқа сәйкес, қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және Алматы ҰҚКД-нің назарына іліккен фигурант өткен жұма күні Райымбек даңғылында ұсталған.
Оперативті қызметкерлер күдіктіден РГД-5 гранатасы мен 1 грамнан аса героин тәркілеген.
Дереккөздердің айтуынша, қамауға алынған ҰҚТ мүшесі бұрын ұрлық пен есірткі үшін сотталған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін