Алматыда ұсталған мародерлер қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұсталған мародерлер қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді

Алматыда ұсталған мародерлер қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді

Полиция ұстаған үш тонаушы Алматыдағы "Камерад" қару-жарақ дүкенін қалай тонағанын айтып берді.

  • 16 Ақпан 2022
  • 56
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, ұсталғандар "қару-жарақты" бейтаныс адамдардың бұйрығымен тонағанын алға тартқан.

"Бір бейтаныс жігіт көлігіме отырып, Шаляпин мен Саин көшелеріне жүруімді бұйырды. Мен бардым. Тонаудан кейін бұл адам жоғалып кетті. Оның кім екенін, қайда кеткенін білмеймін", — деді ұсталған күдікті.

"Біз көп болдық. Ұрланған қаруды мен тығып қойдым", — деді екінші күдікті.

Ведомство мәліметінше, екі күдікті Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары.

Олардың бірі бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста. Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында арнайы шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматы қаласы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды.


Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция өкілдері үш күдіктінің де Алматыда тұрақты жұмыстары жоқ, кездейсоқ жұмыстармен күн көретінін айтты..