Жарияланды: 1200

Алматыда зағип жандарға арналған «Оңай» картасы таратылады

Алматыда зағип жандарға арналған «Оңай» картасы таратылады

Алматыда көзі нашар көретін немесе зағип жандарға арнап, Брайль шрифтімен жазылған «Оңай» картасы таратылады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Алматы көлік холдингі» ЖШС өкілі Рифат Абдураманов айтты. 

«Тәжірибеге сәйкес, көзі нашар көретіндер арнайы жеңілдікпен жүретін. Бірақ, Қазақстан зағип жандар қоғамы осындай карта жасауға өтініш берді. Қоғамның әр өкіліне Брайль шрифтімен жазылған арнайы карта беретін боламыз. Сондай-ақ, тасымалдаушылармен оларды тегін жүргізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді ол. 
Сондай-ақ, Р.Абдураманов карталарды сату және қайтару аппараттарын орнату бойынша жұмыс жасалып жатқанын хабарлады. 
Осындай аппараттар арқылы картаны сатып алуға, өткізуге болады. 
Жаңа терминалдар әуежайда, темір жол вокзалында, метро стансаларында орнатылады. 2016 жылдың алғашқы тоқсанына дейін барлық қоғамдық орындар терминалдармен қамтылмақ. 
Қазіргі таңда 266 261 көлік картасы сатылған екен. Оның ішінде 68 520 зейнеткер, 62404 мектеп оқушысы, 57 143 студент, 78 194 жалпы санаттағы адам «Оңай» картасының иегері атанды. Рифат Абдурамановтың айтуынша, 1 қазаннан бері 1 млн транзакция жасалған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін