Алматыда жалған диплом бергені үшін бір жоғары оқу орнының ректоры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалған диплом бергені үшін бір жоғары оқу орнының ректоры ұсталды

Алматыда жалған диплом бергені үшін бір жоғары оқу орнының ректоры ұсталды

Алматы облыстық ІІББ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері жалған диплом бергені үшін Алматы экономика және бизнес академиясының ректоры мен есепшісін құрықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 541
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, тұтқындау шарасы Қарасай ауданы тұрғынының арызына сәйкес жүзеге асырылған. Полицияға шағым иесі жоғары оқу орнын бітіргені туралы жалған диплом бергені үшін академияның ректоры мен есепшісі 2 мың доллар алғанын хабарлаған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақша мен жалған диплом айғақзат ретінде тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.