Алматыда жантүршігерлік жол апаты бүлдіршіннің өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жантүршігерлік жол апаты бүлдіршіннің өмірін жалмады

Алматыда жантүршігерлік жол апаты бүлдіршіннің өмірін жалмады

Алматыда 4 жасар бүлдіршін жүгенсіз жүргізушінің көлігі астында жаншылып өлді. Жантүршігерлік оқиға қаланың қақ ортасында, көпшіліктің көз алдында орын алды. Жүйткіген екі жеңіл көлік жолды бөлісе алмай қатты соқтығысқан. Салдарынан үш бірдей жаяу жүргіншіні қағып өтті. Тура апат болған сәт сол маңдағы көліктердің бірінің регистраторына түсіп қалған. Таспада жанұшыраған ананың езілген ұлын машина асынан суырып алмақ болып ұмтылғаны анық байқалады.  

  • 24 Тамыз 2013
  • 397
Фото - Caravan.kz

Кешкі сағат жетілер шамасы. Әдеттегідей, көліктер өз бағытымен қозғалуда. Міне, баласын жетектеген келіншек те көрінді. Ол еш алаңсыз ұлымен бағдаршамның жасыл түсіне өтіп келеді. Соңынан тағы бір студент қыз ілескен. Ақ түсті Тойота Ипсун автокөлігі осы тұста қызылға тоқтап тұруы тиіс еді. Бірақ күтпей қозғала бергенде қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысып, үш бірдей жүргіншіні іліп әкетті. Өзі оңбай жығылса да анасы баласын көлік астынан жанұшыра іздеп жатыр. Оқиға орнына іле-шала жиналған жұрт темірді жұмыла көтеріп, жаншылған баланы шығарып алды. Бірақ, бәрі кеш екен. 4 жастағы бүлдіршін ауруханаға жетпей жан тапсырды. 

Рамазан Әскеров, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

— Мальчик уже был доставлен умершим. Не было признаков жизни.         

Көлік ұшырып түсірген әйелдіңжағы сынған. Қол-аяғы да зақымдалған. Ал үшінші жүргінші тек жеңіл дене жарақатын алыпты. Ал кінәлі жүргізушінің мұрыны да қанамаған. 


Ермек Болтаев, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

— Ипсун автокөлігінің жүргізушісі кінәлі, өйткені ол қызыл түстегі бағдаршамға тоқтап тұруы керек болатын. Және шығыс бағытта келе жатқан көліктің иесіне жол беруі керек болатын.  Ол үлгеріп кетемін деп ойлаған.

Бала көліктің доңғалағына оратылып қана қоймай, темірдің қатты екпінімен мына бір бағанаға келіп соғылған. Дәрігерлер оның ішегінің мыжылып, аяқ-қолының жұлма-жұлмасы шыққанын айтады. Бірақ, соған қарамастан анасы осында тоқтаған көліктердің бірімен оны ауруханаға жеткізіп, құтқарып қалмақ болған екен. Қазір оқиға орында қан іздері шашырап жатыр. Және баланың аяқ киімі де осында. Апатқа кінәлі Талдықорған қаласының тұрғыны алдағы 5 жылын темір торда өткізетін болады. Және 3 жыл темір тұлпардың тізгініне жоламайды.