Бүгін сондай бір ашық спорт алаңқайының салтанатты түрде тұсауы кесілді. Оған Алматы қаласының әкімдігі тікелей қолдау көрсеткен. Мұнда жастардың емін-еркін қалаған уақытында келіп, турниктерге тартылып, шынығуына жағдай жасалған. Әсіресе, бұл арнайы спорт залдарына барып, дайындалуға мүмкіндігі жоқ жеткіншектер үшін тиімді. Жастар саясатын қолдаушылар алдағы уақытта «work out»-тан түрлі сайыстарды өткізуге әзір. Сондықтан аула спорт кешендері жүздеп салынбақ. Әрине, оған қызығушылық танытушылар саны артса.
Санжар Боқаев, Алматы қалалық әкімдігі жастар саясаты басқармасының басшысы:
— Бұндай спорт кешендері Алматыда жаңадан ашылып отыр. Бұны қаланың төменгі жағында ашатын боламыз. Өйткені спорттық инфроқұрылымдар бұл жерлерде өте аз деуге болады. Арнайы құрылғыларды қажет етпейді. Кез келген жас қалаған уақытында келіп, ақысыз дайындала алады.