Жарияланды: 20

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан астам адам ұсталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан астам адам ұсталды Сурет - Stan.kz

Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Жетісу және Наурызбай аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2159 қатысушысы ұсталды.

67 бірлік атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.

"Өткен тәуілікте "102" пультіне 754 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді" ",- дейді Алматы қаласы комендатурасы. 

Сонымен қатар, комендатура тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін