Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрларда аурухананың қабылдау бөлмесінінің алдында жалаңаш ер адамның полиция киіміндегі адамға және күзетшіге дауыс көтергенін көруге болады. Ол өзін "ҰҚК лейтенанты" және "Алмалы ауданындағы бөлім бастығы" екенін, ал әкесі "ҰҚК генерал-лейтенанты" деп айтады.
Ер адам балағат сөз айтып, медициналық мекеме ғимаратына кіреді. Содан кейін есікті сындырып, сыртқа шығады.
Алматы қаласының полиция Департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасарының айтуы бойынша, қазіргі уақытта мас күйіндегі ер адамға қатысты барлық қажетті тексеру шаралары жүргізілуде.