Алматыда жасөспірімдер оқ салынған орама тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жасөспірімдер оқ салынған орама тауып алды

Алматыда жасөспірімдер оқ салынған орама тауып алды

Алматыдағы Мұстафин және Рысқұлбектов көшелерінің қиылысында жасөспірімдер өте көп мөлшерде оқ салынған орама тауып алды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі хабарлады.

  • 1 Шiлде 2003
  • 388
Фото - Caravan.kz

Агенттік баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол қиылысындағы жол белгісінің жанынан жасөспірімдер 5,45 мм-лік 564 оқ тауып алған. Оқ салынған дорба тексеру мақсатымен Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына тапсырылды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында авиациялық снарядқа ұқсас зат табылған. Оның ұзындығы 110 см, диаметрі 133 мм-ді құрайды. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік ақпаратына сәйкес беймәлім зат табылған жерге облыстық әскери комиссариат өкілдері жіберіліп, сол өңір қоршауға алынды. Тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар