Үкімет "Байқоңыр" кешенін басқа мемлекеттермен бірлесіп дамытуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет "Байқоңыр" кешенін басқа мемлекеттермен бірлесіп дамытуға ниетті

Үкімет "Байқоңыр" кешенін басқа мемлекеттермен бірлесіп дамытуға ниетті

"Бәйтерек" кешенінен алғашқы зымыран 2025 жылдың желтоқсанында ұшырылады.

  • 23 Маусым
  • 8
Фото: bayterek.kz

Бұл жөнінде премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Үкімет «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясымен, басқа мемлекеттермен және жеке шетелдік серіктестермен бірлесіп дамытуға баса мән беріп отыр. Қазір ресейлік тарап ғарыш айлағындағы 10 ұшыру кешенінің үшеуін ғана пайдаланып келеді», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ғарыш айлағының инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін сақтау мақсатында «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін құру жобасы жүзеге асырылып жатыр.

«Қазіргі таңда кешеннің жерүсті инфрақұрылымы мен «Союз-5» зымыран тасығышын жасау жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Алғашқы зымыран ұшыру 2025 жылдың желтоқсанында өтеді. Сонымен қатар ресейлік тарап «Союз-5» зымыранын өндіруді Ресейден «Байқоңырға» көшіру мәселесін қарастырып жатыр», – деді Олжас Бектенов.