«1990 жылдан бері соңғы рет аса жауынды жаз 1998 жылға келген. 1998 жылдың мамырында 176 мм жауын-шашын түссе, биыл мамырда түскен ылғалдың көлемі 180 мм болды», — делінген «Казгидромет» РМК сайтында.
Мамандардың болжауынша, жақын арадағы үш тәулікте ара-тұра жаңбырдың саябырлауы байқалады.
«Бірақ, республика аумағының көп бөлігін қамтыған антициклонның әсерімен, алдағы үш тәулікте жауын-шашынның аздаған саябырлауы болжанды. Дегенмен, Іле Алатауының таулы аудандарында алдағы тәулікте жаңбыр әлі жаууы ықтимал. Республиканың шығысында суық арктикалық фронттармен түнгі уақыттың кей кездерінде жаңбыр қарға ауысады, кей жерлерде жаңбыр жауады. Сондай-ақ, Қазақстанның батыс аудандарында жылы фронттың әсерімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін», — делінген синоптиктердің 2016 жылдың 19-21 мамырына арналған болжамында.