Алматыда жаяу жүргіншілер жаппай жазаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаяу жүргіншілер жаппай жазаланып жатыр

Алматыда жаяу жүргіншілер жаппай жазаланып жатыр

Жақын да болса, жайсыз жол! Алматыда жаяуларға арналған өткел мен бағдаршам жоқ жерден жолды кесіп өткен жүргіншілер жазалануда. Жерасты немесе жерүсті өткелдері бола тұра басын қатерге тіккендер 10 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

  • 21 Ақпан 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

Бұл қыз енді жол ережесін қайтара бұзса, 10 мың емес, 40 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеледі. Тіпті сот шешімімен 3 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Рұқсат етілмеген жерден өтетіндер өз өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, көлік қозғалысына кедергі дейді полицейлер. Соңғы кезде осындай жол апаттары жиіледі деген статистика келтірді мамандар. Десе де заңға енгізілген өзгеріс бойынша, азамат кінәсін мойындап, айыппұлды жеті күн ішінде төлейтін болса, оған 50 пайыздық жеңілдік бар.


Еркін Өтегенов, Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– 2014 жылы тек жаяу жүргіншілердің қатысуымен 3003 жол апаты болды. Оның ішінде 118 жаяу жүргінші қаза тапты. Бұның артында адам өмірі тұр. Жарақат алғандар көп.