Алматыда жаздың соңына дейін «Самал» ықшамауданын абаттандыру жұмыстары аяқталады
![]() |
Алматыда жаздың соңына дейін «Самал» ықшамауданын абаттандыру жұмыстары аяқталады. Бұл туралы арнайы баспасөз туры барысында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әбдіқалықов мәлім етт. |
«Қазір қала әкімінің тапсырмасы бойынша даниялық сәулеткер Ян Гейлдің тұжырымдамасы аясында ауданды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоба бойынша «Самал» ықшамауданын айналдыра велосипед жолы салынады. Ол Достық даңғылы, Сәтбаев, Фурманов және Жолдасбеков көшелері арқылы жүреді. Жалпы ұзындығы 3 мың метр болады», - деді Т. Әбдіқалықов
Оның айтуынша, сонымен қатар екі балалар ойнайтын кешен мен кішігірім спорт алаңқайын салу және алты мың шаршы метр жерді көгалдандыру жоспарланған. Бұдан басқа гүлзарлар жасалып, ағаштар отырғызылады. Қоршау жасалады.
«Қазіргі таңда жол жиектерін, яғни бордюрлерді, көше шамдарын ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің сырты боялады. Жұмыстарды осы жаздың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл шараларға барлығы 90 млн. теңге жұмсалды», - деді аудан әкімінің орынбасары.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін