Алматыда жедел жәрдемге тәулігіне 2,5 мыңнан астам қоңырау шалынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жедел жәрдемге тәулігіне 2,5 мыңнан астам қоңырау шалынады

Алматыда жедел жәрдемге тәулігіне 2,5 мыңнан астам қоңырау шалынады

Алматыда жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2 500-ден астам қоңырау соғылады.

  • 12 Сәуiр 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Өткен аптада бізде күніне 700-ден астам адамнан коронавирус табылды. Осы аптаның алғашқы күні — бүгіннің өзінде бізде 610 жағдай. Жедел жәрдемге түскен қоңыраудың ең көбі өткен аптада тіркелді, тәулігіне 2 500-ден астам шақыру болды, кешегі жағдай бойынша қоңырау саны — 1 900-ге жуық. Жедел жәрдем өзіне түскен ауыртпалықты жақсы еңсеріп жатыр. Сонымен қатар, емханалар күрделіліктің төртінші санатындағы қоңырауға қызмет көрсетеді, емханалар күніне 400-500 қоңырауға жауап береді», — деді ол.

Бұған дейін, Светлана Сұлтанғазиева Алматыда жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатқанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар