Оның айтуынша, дұйсенбі күні түнгі сағат 24 пен 1-дің аралығында жасалған тонаушылыққа кем дегенде 2 адам қатысқан, олардың жастары 25 жастан аспаған.
Фирманың кеңсесіне торды майыстырып, балкон арқылы кірген. Кеңседе отырған 20 жастағы бейнемонтажерға күш көрсетеміз деп қорқытып, оны скотчпен байлап тастаған. Сосын ақша мен құжаттар салынған металл сейфті алып, кетіп қалған.
Тергеуші студияны біреудің нұсқауымен тонап кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.