Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, 14 қарашада 19 сағат 14 минутта Сайын және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында «НефтеТрансСтрой» ЖШС-нің жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 600 мм-лік су таратқышқа ақау келді.
«Соның салдарынан 1,2, 3 Таугүл ықшамаудандарының, Жандосов — Навои, Жандосов — Яссауи, Навои — Рысқұлбеков көшелерінің тұрғындары суық сусыз қалды», — деп хабарлайды «Құтқару қызметіндегілер».
Қалпына келтіру жұмыстарын «НефтеТрансСтрой» ЖШС топтары жүргізді. Барлық үйлерге бүгін су жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті