Алматыда жер қойнауын тұтынушылар мұнайгаз жобалары бойынша Ұлттық мәліметтер жинағына қамтылу жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жер қойнауын тұтынушылар мұнайгаз жобалары бойынша Ұлттық мәліметтер жинағына қамтылу жөніндегі келісімге қол қойды

Алматыда жер қойнауын тұтынушылар мұнайгаз жобалары бойынша Ұлттық мәліметтер жинағына қамтылу жөніндегі келісімге қол қойды

Бүгін, 9-қазанда Алматыда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференция барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитеті мен жер қойнауын тұтынушы компаниялар арасында мұнайгаз жобалары бойынша Ұлттық мәліметтер жинағына қамтылу туралы келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қазан 2003
  • 674
Фото - Caravan.kz

Құжатқа қол қойғандардың арасында ЮКОС компаниясы, КазГерМұнай, KPO.BV, Аджип КСО, » ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ, «ПетроҚазақстан», FIOC, СНПС «АқтөбеМұнайГаз», Petrom компаниясы мен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитеті бар. Ұлттық мәліметтер жинағы (ҰМЖ) 2003-жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында қолданысқа енгізіледі.

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Ләззат Қиыновтың айтуына қарағанда, «ҰМЖ жобасын жасап дамыту — Қазақстандағы мұнай және газ өндіру саласының жұмыс істеуі мен оны басқару тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық жоба болып табылады».
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геологиялық комитетінің төрағасы Болат Үжкеновтың мәліметі бойынша, алдағы уақытта еліміз бойынша Ұлттық мәліметтер жинағы жөніндегі бірнеше орталық құру көзделіп отыр. Атап айтсақ, басқарушы әкімшілік орталық Астанада орын тебеді. Ол мұнайгаз саласындағы ағымдағы ахуалды қадағалау және жер қойнауын тұтынушы компаниялардан нақты уақыт режимінде біріздендірілген статистикалық есеп алып отыру мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Ақсай, Алматы, Қызылорда және Көкшетауда Ұлттық мәліметтер жинағының аймақтық және жергілікті орталықтарын құру жоспарда бар.
Ұлттық мәліметтер жинағының ақпараттарын республикалық мемлекеттік мекемелер, жер қойнауын тұтынушылар мен олардың әріптестері пайдалана алады. Б.Үжкеновтың айтуынша, «жер қойнауын тұтынушылардың мемлекеттік мекемелер алдындағы ағымдағы сатистикалық есепті стандартты түрде дайындау мүмкіндігі есеп мәлімттерін жинау мерзімін қысқартып, қаржылық шығындар көлемін азайтуға мүмкіндік беретіндігімен ҰМЖ маңызды».
Л.Қиыновтың айтуына қарағанда, «ҰМЖ-ын құру, оны дамыту және тұтыну жұмыстары жер қойнауын тұтынушы компаниялардың инвестициялық аударымдары есебінен жүзеге асырылып, олардың мүшелік, бір мәрте және жыл сайынғы жарнасынан құралады. Жарна мөлшері қазір ҰМЖ жобасына қатысушылар назарына жеткізіліп үлгерді».
Қазақстан аумағында көмірсутегі шикізатын барлау және оны өндірумен айналысатын жер қойнауын тұтынушылар мен барлық мемлекеттік мекемелердің қатысуымен мұнайгаз жобалары бойынша елімізде Ұлттық мәліметтер жинағын құру және оны дамыту мақсатындаы жұмыстар 2002-жылдан бастап қолға алынған. ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитеті осыған қажетті компьютерлік жабдықтар мен технологиялық бағдарламалық қамтамасыздықты 2002-жылы сатып алған.

Соңғы жаңалықтар