ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 3 ақпанда Астана уақытымен 14:36-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан — афтершок. MPV магнитудасы — 5,3", — делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.