Жарияланды: 410

Алматыда «Жергілікті билік органдарына сенім деңгейін арттыру» жобасы жүзеге асырыла бастады

Алматыда Еуроодақтың қаржысына «Жергілікті билік органдарына сенім деңгейін арттыру» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жоба жұма күні Алматы әкімдігінде таныстырылды.

«Қазақстанда ҮЕҰ қызметі үшін құқықтық базасы бар. Біз ҮЕҰ-ларды азаматтық қоғамды дамыту үшін ұсыныстар әзірлеуге шақырамыз. Бұл жобаның әкімдік пен азаматтық қоғамның ынтымақтастығын дамытуға бағытталғанын атап өту керек. Біз бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде халық пен әкімдіктің арасындағы қатынастарды жасқартуды көздеп отырмыз. Бұл - екі жақты қозғалысы бар көше. Жергілікті билік қоғамды алаңдатын жағдайлар туралы көбірек білуге тиіс. Басқа жағынан, қоғам нақты шешімдердің қабынданбауының себебін түсінуге тиіс», - деді жобаның таныстырылымында ЕО-ның ҚР-дағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен. Еуроодақ пен Алматы әкімдігі жобаны жүзеге асыру туралы келісімге 2010 жылдың 31 желтоқсанында қол қойған. Оның мақсаты – азаматтарды қалалық деңгейде шешім қабылдауға тарту арқылы жұртшылықтың жергілікті өзін-өзі басқару органдарына деген сенімін арттыру. Жоба 3 жылға есептелген, ол 2011 - 2013 жылдары жүзеге асырылады. Бағдарламаны қаржыландыру үшін ЕО 299 мың еуро бөлді. Жобаны жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнаманы, азаматтық қоғам өкілдерін шешім қабылдау процесіне тарту саласындағы тәжірибені, жағдайды зерттеу, Алматы әкімдігінің жанындағы қоғамдық кеңестердің ролін күшейту, Қазақстанның басқа аймақтарында, әлем елдерінде жинақталған сәйкес тәжірибені саралау жоспарланып отыр. Жобаның әріптестері – Алматы әкімдігінің ақпараттандыру және сараптама оралығы, «Арго» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы, «Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісі» ҚҚ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть