Еске салайық, 27 жастағы жігіт 23 маусымда жұмыс орнынан шығып кетіп, үйіне оралмаған. "Қапшағай тас жолының бойындағы Magnum дүкенінде жұмыс істеген. 23 маусымда жұмыста болды, кешке үйіне кеткен, осыдан кейін оны ешкім көрмеген", — деді оның әпкесі Ақерке Құқымбаева. Оның айтуынша, соңғы рет ол әріптесінің телефоны арқылы хабарласқан.