Жарияланды: 670

Алматыда Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған адам дамуы мәселесі бойынша семинар басталды

Бүгін, 23-маусымда Алматыда Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған адам дамуы мәселесі бойынша семинар басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Семинар мақсаты- университет оқытушыларына адам дамуының концепциясын , оны қолдану мәселесін, және адам дамуының деңгейін анықтау жөніндегі халықаралық және қазақстандық тәжірибемен таныстыру болып табылады. 4-шілдеге дейін жалғасатын семинар аясында адам дамуын анықтау, адам дамуы тұрғысынан алғанда кедейліктің көрініс беруі және оның себептері, адамдар арасындағы теңсіздіктің аймақтық проблемалары, әлеуметтік қорғау және адам дамуындағы мемлекет пен заңның ролі тәрізді тақырыптар сарапқа салынады. Семинарда Мәскеу Мемлекеттік Университеті мен Қазақстан экономикалық Университетінің оқытушылары, БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары, БҰҰ әйелдер қорының , БҰҰ халықты қоныстандыру қорының , сондай-ақ, БҰҰ еріктілер бағдарламасының өкілдері сөз сөйлейді деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть