Алматыда жол апаты 3 адамның өмірін жалмады
|
Алматыда жол апаты 3 адамның өмірін жалмады. Жүйткіген жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен бетпе-бет соғылған.
Қар аралас жаңбырдан кейінгі тайғақ жолда ауыр техника тоқтай алмаса керек, «Митсубиши Галантты» жапырып өтіп, бірнеше метрге дейін сүйрепті. Жедел жәрдем де апат орнына жылдам жеткенімен, жеңіл көлік ішіндегі адамдарды құтқару мүмкін болмады. Үшеуі де оңбай жапырылған машина ішінде жан тәсілім еткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін