Мұндайды күтпеген көлік жүргізушілері «клиенттерін» бірден түсіріп тастады. Ал енді біреулері жанында отырған бөтен адамды «туысым» деп ақталған. Жалпы, алматылықтар төлемақысы удай қымбат такси қызметінен гөрі, жолайы көлікті көп тоқтатады. Өйткені құны әлдеқайда төмен. Сол үшін де тапсырысы азайған таксопарктер әкімдікке бірнеше мәрте шағымданған да болатын. Жол полицейлерінің ойда-жоқта жолға шығуы сондықтан болса керек. Бірақ бензинпұлын айырған жүргізушілерге бірден айыппұл салынбай, бірінші күні тек ескерту айтылды.
Дәурен Ахметәлиев, Алматы қалалық ІІД қызметкері:
-Сіз бізге ренжімеңіз, біздің ол жұмыс болғаннан кейін оны біз сұрауымыз керек, түсіндіруіміз керекпіз, айыппұл салуымыз керекпіз ондай жағдайларда. Біріншіге мен сізге ескерту жасаймыз, екіншіден сізге айтатыным егер ресми істейтін болсаңыз, лицензиясын алып, патентін төлеп жылына, техосмотр өтіп, төбесіне такси белгісін қойып солай жүріңіз!