Алматыда жүк көлігі аударылып, жас бойжеткен ауыр жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүк көлігі аударылып, жас бойжеткен ауыр жарақат алды

Алматыда жүк көлігі аударылып, жас бойжеткен ауыр жарақат алды

Таяуда Алматыда аударылған жүк көлігінен құлаған металл құбырлар 24 жастағы қыздың үстіне түскен болатын. Алматы қалалық денсаулық сақта

  • 10 Шiлде 2017
  • 303
Фото - Caravan.kz

Таяуда Алматыда аударылған жүк көлігінен құлаған металл құбырлар 24 жастағы қыздың үстіне түскен болатын. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен қыздың жағдайы туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз балаға ота жасалады екен. "Ауруханаға түскен кезде қыздың жағдайы ауыр деп бағаланды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа деңгейде. Ол № 4 клиникалық ауруханасының полижарақат бөлімінде жатыр. Оның шат сүйегі мен құйымшағы сынған, жедел ем көрсетуге дайындалып жатыр. Ота жасалады", — деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар. Еске салайық, 7 шілдеде Солтүстік айналма жолда жол-көлік оқиғасы болды. Жолдың қиылысқан жерінде жүк көлігі бұрылған сәтте тіркемесі аударылып, ауыр құбырлар түсе бастаған. Осы кезде қыз балаға құбыр тиіп, ол ұшып кеткен. Электр бағанының арқасында қыз бала аман қалған.


 

Соңғы жаңалықтар