Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан

Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан

Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. 

  • 22 Ақпан 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, жетінші баласын күтіп жүрген әйел күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар және басқа да оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен.

"Үйдің ішін тінту кезінде тәркіленгендердің арасында тоғыз сайга стволы, екі мылтық, винтовка, тапанша, патрондар, резеңке дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 25 жастағы Т. есімді ер адам ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған, ол күйеуінің ойланбай жасаған әрекетін, қылмыс жасауын тоқтатудың орнына ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен", — деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.