Тәуелсіз еліміздің бас шаһары — Елордасы Астана күніне орай Түлектер слеті мен Жұмыс берушілердің жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен.
Салтанатты шара барысында университет бітіруші түлектерге дипломдар табыс етіледі.
Түлектер слетіне еліміздегі ауыл шаруашылығымен айналысатын компаниялар әкімшілігі мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, шаруашылық жетекшілері, аграрлық саланың ғалымдары, өзге де білікті мамандар, ҚазҰАУ оқытушылары мен студенттері қатысады.
Университет агроқұрылымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқандықтан, бүгінгі күні түлектердің 84,5 пайызын жұмысқа орналастыруына мүмкіндік алып отыр.
Өзінің 85 жылдық тарихында университет еліміздің аграрлық секторының дамуына қомақты үлес қосқан және қосып келе жатқан 140 мыңдай маман дайындады. Соның ішінде бірқатар халық қалаулылары, академиктер, Мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы азаматтар бар.