Алматыда жұмыс таба алмаған мүгедектер жеке сайт ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  жұмыс таба алмаған мүгедектер  жеке сайт ашты

Алматыда жұмыс таба алмаған мүгедектер жеке сайт ашты

Жарымжандарды жұмыспен қамту әлі де, қиындық тудырып тұр. Қазір еліміз бойынша кембағал жандардың саны 500 мыңнан асып жығылады екен. Басым бөлігі жұмыс іздеп түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырғанымен нәтиже жоқ. Десе де қол қусырып қарап отырмайтын мүгедектер де бар. Сондай бір алматылық жігіт сайт ашып, өзі сияқты мұңдастарына қол ұшын созып жүр. Енді, әр мекемені жағаламай, осы сайтқа тіркелсе жеткілікті. Бірақ әзірге ұсынылып жатқан бос орындар санаулы.

  • 7 Ақпан 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

Валентина Яцкова 2-ші топтағы мүгедек. Туғанынан көзі нашар көреді. Десе де еш мойымаған қайсар қыз жұмысқа тұрып, қатардағы адамдардан қалыспауды ойлапты. Бірақ, қай мекеменің есігін сығалап бармаса да жұмыс жоқ.

Валентина Яцкова, Екінші топтағы мүгедек:

-Кез-келген мекемеде тек дені сау адамдар емес, мүгедектер де қызмет жасауы керек қой. Тым болмаса бір екі адам. Бірақ қай жерге барма жұмыс жоқ. Біресе басқа сылтау айтып шығарып салады.

Мәселен Антон Благушиннің де мүмкіндігі шектеулі. 5 жыл бұрын жол апатына ұшырап екі аяғы сал болып қалған. Ол да жұмыс іздеп сандалғанымен таппапты. Сондықтан сайт ашып, жұмыс істеуге ниетті жарымжандарды сонда тіркеуге қояды екен. Онда әрбірінің түйіндемесін жазып, жұмыс берушілерге жібереді.

Антон Благушин, Бірінші топтағы мүгедек:

-Жіберген түйіндемелерді жұмыс беруші көріп,шақырады деп ойлаймын. Себебі, арамызда қабілетті адамдар да бар ғой.Мәселен мен осы сайт арқылы жұмыс тауып ағылшыннан сабақ беремін.

Десе де бұл сайт арқылы барлығына бірдей жұмыс табу қиын. Мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы Әли Аманбаев та, жарымжандардың жұмысқа тұруға келгенде қиналатынын мойындайды. Себебі, кембағал жандарды қызметке орналастырумен айналысатын арнайы ұйымдар жоқтың қасы.


Әли Аманбаев, Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы:

-Бір жағынан барлық жауапкершілікті бір ғана мемлекетке ысыруға болмайды. Елімізде қалталы кәсіпкерлер жетерлік. Солардан мүгедектер үшін жұмыс орнын ашуды сұрасақ. Біреуі болсын ашып берер. Өйткені отырып істейтін қызметтер де көп.

Десе де қалтасының қамын ойлаған бизнесмендердің мүгедектерді мүсіркей қойуы екі талай. Оның үстіне еліміздегі жарымжандардың саны 500 мыңнан асып жығылады екен. Оның жұмысқа жарамды 400 мыңының 20 пайызы ғана қызметпен қамтылған.