Алматыда жүргізуші есірткі шегіп алып, көлік айдаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүргізуші есірткі шегіп алып, көлік айдаған

Алматыда жүргізуші есірткі шегіп алып, көлік айдаған

Алматыда есірткі шегіп алып, көлік айдаған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.

  • 31 Наурыз 2016
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға өткен сенбіде кешкі 21:35-те болған. Жол сақшылары Гагарин мен Ходжанов көшелерінің қиылысында қозғалысы күдік туғызған «Субару» көлігін тоқтатқан. Тексере келе жүргізуші Р.Әбдуғалиевтің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталған. Жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткі пайдаланғаны белгілі болды.

Алматы әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні ҚР ӘқК 608-бабы бойынша айыпты деп тауып, 20 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды.