Алматыда жүргізушіні буындырып өлтірмек болған тентек ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүргізушіні буындырып өлтірмек болған тентек  ұсталды

Алматыда жүргізушіні буындырып өлтірмек болған тентек ұсталды

Алматыда жолға таласып, жұрттың көзінше бір-бірін өлтіре жаздаған жүргізушілер ұсталды.

  • 23 Маусым 2015
  • 387
Фото - Caravan.kz

Ұялы телефонға түсірілген мына видеода талдырмаш келген жігітті денелі азамат буындырып жатыр. Мұнымен қоймай басын бамперге ұрғылағаны таспада анық көрініп тұр. Бірер секундтан соң әбден қылғынған жігіт жерге сұлқ түсті. Оқиға Райымбек даңғылының бойында болған. Полицейлер олардың екеуін де анықтады. Мұның алдында екі жүргізуші жолға таласып, біраз салғыласқан екен. Бір қызығы, сол маңдағы куәгерлердің ешқайсысы полиция шақырмаған. Жәбірленуші де арыз түсірмепті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Дене жарақаттарын келтірген ер азамат 92-жылы туылған Жамбыл облысының тумасы болып шықты. Ал зәбір көрген адам 94-жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бұлтартпау шарасын тағайындау үшін бірер күнде міндетті түрде сотқа жөнелтілетін болады істің материалдары.