Алматыдаардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдаардагерлерге ерекше   құрмет көрсетілді

Алматыдаардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді

Бүгін Тұңғыш Президент қоры да ардагерлермен кездесіп, қарттарға сый-сияпат жасады. Ерліктері келер ұрпаққа өнеге болар аталарымыздың қатары күн санап сиреп келеді. Сондықтан оларға қанша құрмет көрсетсек те, артық емес дейді қор қызметкерлері.

  • 7 Мамыр 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz


Бүгінгі жиын да омырауы орденге толы қарияларға ерекше көңіл күй сыйлады. Жаумен жағаласып, ұрпағының еркіндігі үшін айқасқан ерлер соғыс жылдарына арналған әндерді тыңдап, театрландырылған көріністі тамашалады. Бірі қанды көйлек жолдастарын еске түсіріп, көзіне жас алса, енді біреулері ән ырғағымен би биледі. Жиын соңында ардагерлерге әдеттегідей гүл мен сыйлық таратылды.