Алматыдада науқас баласы бар жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдада науқас баласы бар жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрайды

Алматыдада науқас баласы бар жалғызбасты ана көпшіліктен көмек сұрайды

ДЦП-мен ауыратын 9 жастағы Камила Ильястың анасы Қасымова Ләззат елден көмек сұрайды.

  • 15 Желтоқсан 2018
  • 74
Фото - Caravan.kz

Камила Ильяс есімді 9 жастағы сәбидің анасы баласының әрі қарай өмір сүруі үшін Алматыға Атыраудан арнайы көшіп келген. Жаны қиналған ана басынан өткен жағдайды Caravan.kz тілшісіне айтып берді.

Апа, балаңыздың енді ғана жазылып келе жатып, дәрігерлердің салғырттығынан асқындырып алды дедіңіз. Бұл жағдай қалай болды?

  • Біз Атырау өңіріненбіз, балам енді, енді ғана өз-өзіне келе жатқан еді. Осы отадан кейін тәуір болып кетеді деп ойладым. Ресейдің Тула қаласынан келген дәрігерлер оның жағдайын қиындатып жіберді. Дәрігерлерге арыз жазған болатынмын, олар істі бір күннің ішінде жауып тастады. Біз ештеңе істей алмаймыз, әкелмеңіз дейді. Оны қалай апармаймын? Жүрегі соғып тұрған бала ғой. Мен қалай ол қарап отырамын? Мен соңына дейін барамын оны жеткізбей қоймаймын.
  • Ал үкіметтен қандай да бір қолдау бар ма?
  • Ешқандай қолдау жоқ. Тек қана бір рет дәрі алып берді, болды. Бұл жақта мен уақытша тіркеудемін ғой, сондықтан көмектесе қоймайды. Бірақ кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеновтен көмек сұраған кезде, ол кісі үйге өзі келіп, арба әкеліп беріп кетті. Мен ол кісіге сондай риза болдым, ол кіссіге тек Алла жар болғай. Одан кейін “керемет су” басышысы Кретов Евгений Александрович мырзаға айтар алғысым шексіз! Ал енді қазір қызыма мидың дәрісі мен фильтіріне көмек ауадай қажет. Сондықтан халықтан көмек сұраймын.

9 жастағы Камилаға көмектесемін дейтін жандар болса төмендегі есепшоттарға қаржы аудара алады:

Киви әмиян: + 7778 359 80 80

Иин 990406451469

Каспий голд 5169 4931 7907 1371

Halyk bank: 4402 5735 5373 0799

Соңғы жаңалықтар