Алматыдағы "Арасан" моншасындағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы "Арасан" моншасындағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды

Алматыдағы "Арасан" моншасындағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды

Алматыдағы "Арасан" монша-сауықтыру кешенінде бу қазандығының жарылысы салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық құтқару қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 27 Сәуiр 2005
  • 549
Фото - Caravan.kz

Жарылыс туралы ақпарат бүгін, 27-сәуірде 11 сағат 57 минутта құтқару қызметіне келіп түскен. Жарылыс салдарынан кешен қызметкері — 40 жастағы әйел қаза тапты. Денесінің көп бөлігі күйікке шалдыққан тағы бір қызметкер әйел орталық ауруханаға жатқызылды.

Қазір жарылыс орнында Медеу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр.