Осылайша, автобустағы валидаторлардан бір жылдың ішінде 76 млн теңге жоғалған.Қаржы полицейлеріенді екі жыл бұрын қолды болған қыруар қаржатты таппай әлек. Бірақ қаржы полициясы күдіктілердің атын атаған жоқ. Ал Алматыдағы ең ірі жолаушыларды тасымалдаушы бұл мекемеде қазір жаңа басшы. Бұрынғысы табан асты қызметінен кетіпті. Орында қалған орынбасарлары ұрлық жасаған автобус жүргізушілері деп бәледен басын ала қашты.
Олег Иванов, «Алматыэлектротранс» ЖШС директорының орынбасары :
-Автобус жүргізуішілері валидаторды өз беттерімен ашып, ақша ұрлап жүрді. Біз қаншамасын қолма-қол ұстадық. Валидаторды жаппай құлыптап та тастадық. Тіпті, пломба қойдық. Содан кейін ғана аздап ұрлық тыйылды. Ол қаржыны ұрлаған біз емес, сол автобус жүргізушілері.