Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД тергеу басқармасы бастығы Нариман Ержанов мәлім етті.
«ТЖД зертханасы берген қорытынды орталық қасақана өртелген деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді», — деді ол сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Н.Ержановтың айтуынша, сауда үйінің қызметкерлері өрт шықпас бұрын №21 бутикті жалға алушының ғимараттан асығып шығып кеткенін көрген.
Қазір полицейлер одан жауап алып жатыр.
Сонымен қатар, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.