Жарияланды: 350

Алматыдағы дүкендердің бірінде Өзбекстан тұрғыны өлтірілді

Алматының Әуезов ауданындағы "Іңкәр" дүкенінің ғимаратында кісі өлтіру оқиғасы болды. KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлауынша, дүкенде сатушы болып істеген 25 жастағы Өзбекстан тұрғыны кісі қолынан қаза тапқан.

Алматы қалалық ІІББ-ның Орталық оперативтік басқару пультіне бұл туралы ақпарат 19-қараша күні түстен кейін келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен "Боран-178" күзет жасағы кеудесінен пышақпен жарақаттанған жігітті тапты. Жігіт жедел жәрдем тобы келіп жеткенше көз жұмған. Дүкен ғимаратында күдікті ретінде тағы осы дүкенде жалдамалы сатушы болып істеген 25 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Тұтқынның айтуынша, екі жігіттің арасында жаңжал туып, оның соңы төбелеске ұласу салдарынан әлгі еркек өз әріптесін пышақтады. Күдікті уақытша тергеу қапасына қамалып, пышақ тәркілеп алынды . Ендігі жерде қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін тергеу анықтайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін