Кеше түс ауа болған апаттың салдарынан 4 адам күйіп қалған болатын. Барлығы жедел ем-дом шаралары көрсетілген соң үйлеріне жіберілген. Бұдан бөлек қыстың көзі қырауда 63 көпқабатты үй, 3 мектеп, 3 балабақша мен 2 аурухана жылусыз қалған-ды. Тек бүгін сол нысандарға жылу беру қалыпқа келтірілді. Ал аталмыш апаттарға жауапты «Алматы жылу холдингі» қаладағы жылу құбырларының әбден тозғанын қайталап айтты. Бірақ барлығын әп-сәтте ауыстыруға қауқарсыз. Және апат болған маңдағы магистральды жөндеу жұмыстары тек жазға таяу басталмақ. Оған дейін апаттың салдарымен күресу ғана қалады.
Михаил Коржов, “Алматы жылу холдингі» МКМ бас директоры:
-2006 жылға дейін жылу жүйелерін қайта салу жұмыстарының жүргізілмегенін ескерулеріңіз керек. Жылдап жиналған мәселені бір жылда шешу мүмкін емес. Шіріген құбырларды біртіндеп ауыстырып жатырмыз. Бұл тек жаз мезгілінен күзге дейін жасалатын жұмыс.