Алматыдағы Қарғалы өзені арнасынан асып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Қарғалы өзені арнасынан асып жатыр

Алматыдағы Қарғалы өзені арнасынан асып жатыр

Төтенше жағдайлар қызметінің осы суперқондырғылары іске қосылғанша, Алматыдағы Қарғалы өзені тағы да арнасынан асып жатыр. Бұл жолы топа

  • 1 Шiлде 2017
  • 476
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар қызметінің осы суперқондырғылары іске қосылғанша, Алматыдағы Қарғалы өзені тағы да арнасынан асып жатыр. Бұл жолы топан судан Алатау ауданындағы саяжай тұрғындары зардап шекті.Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

Кешегі жауын-шашыннан кейін өзен деңгейі көтеріліп, он шақты ауланы су басып қалған. Ал төтенше жағдай қызметкерлері арықтың айналасын дереу құм толтырылған қаптармен бекітіп беріпті. Бірақ жергілікті жұрт мәселені бұлай уақытша шешіп қоюға болмайды дейді. Өйткені осыдан үш жыл бұрын ғана өзен арнасы бекітілген. Алайда бюджеттің миллиондары жұмсалған құрылыс сапасыз жүргізілген. Ал мердігер мекеме банкротқа ұшырап, жабылып қалыпты. Сондықтан жыл сайын топан судың астында қалатын саяжайшылар өзен арнасын қайта қалпына келтіріп беруді талап етіп отыр.

— Соңғы бір айда екінші рет су астында қалдық. Осыдан 20 күн бұрын ауламызды су басып қалған еді. Кеше тағы да өзен деңгейі көтеріліп, бау-бақшам балшыққа айналды. Әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар келіп суды сорғызып берді. Бірақ бұл уақытша ғана. Тағы да жауын жауса қайтадан топан сумен алысамыз, деді саяжай тұрғыны Екатерина Бестаева.