«Қалада қоғамдық көлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Метрополитеннің бастапқы желісі іске қосылды. Келесі жылы қосымша 2 станция, 200-ден данадан астам техникасы бар троллейбус және трамвай парктері, табиғи отынмен жүретін 400 жаңа автобус пен экотакси қолданысқа енгізіледі. Келесі жылдың І тоқсанына дейін көгілдір отынмен жүретін тағы 300-ге жуық автобус жеткізіледі. Сонымен, қаладағы экологиялық жағынан зиянсыз көліктің жалпы үлесі келесі жылдың соңына қарай 60 пайыздан асады», — деді ол сейсенбі күні Алматы халықаралық инвестициялық форумында.
Форумда Алматы қаласының инвестициялық мүмкіндіктері, жобаларды қаржыландырудың жаңа тетіктері көпшілік назарына ұсынылып, көлік-логистика инфрақұрылымын, «жасыл» экономикаға» көшу негіздерін, ұлттық инновациялық жүйе мен туризмді дамыту мәселелері сөз болды.