Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы әкімдігі Саин көшесіндегі бұрынғы қоршаудың орнына жаңа қоршау орнатылатынын мәлімдеді.
"Саин көшесінде тозығы жеткен темір қоршау мырыштан жасалған қоршауға ауыстырылады. Өзгеріс Саин көшесінің бойында Абай даңғылы, Шаляпин мен Жандосов көшелерінің қиылысында (тунелде), әсіресе, қауіпті аймақтарда жүргізіледі", — деді Алматы әкімдігі.
Алматы тұрғындарында ескі қоршау орнына тұрғызылған қисық бағандарға қатысты сұрақ пайда болды.
"Бұл — әлі аяқталмаған жұмыс. Негізгі қоршаулар тегістеліп, орнатылады. Суретте тек тіректер көрсетілген. Бұған дейін құбыр қоршаулардың қызмет ету мерзімі өтіп кеткен. Олар коррозияға ұшырағандықтан дұрыс тұрмаған", — делінген хабарламада.