Жарияланды: 530

Алматыдағы салынып жатқан метро құрылысының аумағында жер қабаты топырақтың шайылуы салдарынан опырылған - "Алматыметроқұрылыс"

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы салынып жатқан метро құрылысының аумағында жер қабаты топырақтың шайылуы салдарынан опырылған. Бүгін "Алматыметроқұрылыс"АҚ дирекциясы осындай мәлімдеме таратты.

"Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысынан оңтүстікке қарай жатқан жерлердегі топырақ қабаты саз бен құмнан және өсімдіктер қабатынан тұратын төсеме топыраққа жатады. Гагарин даңғылын бөліп тұрған жасыл жолақ жаз маусымында арық жүйесімен суарылады. Топырақты су біртіндеп шайып отырған. Сөйтіп, топырақ қабатының ылғалдылық деңгейі шарықтау шегіне жеткен кезде өзінің салмағын көтере алмай, жер қабаты опырылып түскен", - делінген хабарламада. АҚ дирекциясының нақтылауынша, "аталған ауданда метроның "Алатау" станциясының айналма құрылысы жер асты тәсілімен салынып жатқан". "Құрылыс конструкциясының ең жоғарғы нүктесінен жер бетіне дейінгі арақашықтық - 6 метрге жуық", - деп хабарлайды "Алматыметроқұрылыс". Опырылу оқиғасы 9 тамызда сағат 17.00 шамасында болған. "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен Гагарин даңғылының шығыс бөлігі арқылы өтетін қозғалыс тоқтатылып, опырылу аймағы қоршалды. Қалалық коммуналдық қызметтердің күшімен арықтағы су тартылды. Бұдан кейін апатты жою жұмыстары басталды", - деп хабарлайды АҚ. "Дер кезінде қолданылған шұғыл шаралардың арқасында опырылу зардаптары шұғыл жойылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді",- деп хабарлайды компаниядағылар. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть