Алматыдағы су айдындары дрон көмегімен бақылануда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы су айдындары дрон көмегімен бақылануда

Алматыдағы су айдындары дрон көмегімен бақылануда

Алматыда суға түсуге тыйым салынған орындар дрон көмегімен бақылануға алынды.

  • 7 Шiлде 2021
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылғының ерекшелігі — ол әуе арқылы бақылап қана қоймай, сонымен қатар Сайран көлінің рұқсат етілмеген жерлерінде шомылып жүргендерді дауыс зорайтқыш жүйесі арқылы ескертеді.

«Бұған дейін Сайран көлінде патрульдеуді 109 құтқару қызметінің құтқарушылары екі маршрут бойынша қайықпен жүргізетін. Оның жиілігі әр 20 минут сайын, 40 минуттық уақытпен жүзеге асырылды. Бұл әдіс айтарлықтай уақыт алатын. Енді суға түсуге тыйым салынған жерлерді дрон көмегімен бақылауға алдық», — деп жазды әлеуметтік желіде қалалық ТЖД баспасөз қызметі.


Суға шомылу маусымы басталғалы бері Төтенше жағдайлар департаменті, полиция басқармасы, республикалық жедел- құтқару жасағы мен 109 құтқару қызметі, ҚР ҰҚ 5571 әскери бөлімі және еріктілер 300-ден астам бірлескен рейд өткізді. Шара барысында 4,5 мыңнан астам адамға үнпарақ таратылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 440-бабы («алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну») бойынша 19 адам 270 мың теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сайран көлінде екі адам суға батып, алты адам құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар