Алматыдағы таудан көзі көрмей қалған альпинист құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы таудан көзі көрмей қалған альпинист құтқарылды

Алматыдағы таудан көзі көрмей қалған альпинист құтқарылды

Алматыда тауда көзі көрмей қалған альпинист құтқарылды.

  • 5 Қаңтар 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 3 қаңтарда Кіші Алматы шатқалында орын алған. 

"Солтүстік жотаның бойымен Мәншүк Мәметова шыңына Кіші Алматы шатқалында оқу- жаттығу барысында альпинистердің бірінің көзіне қатты аяз зақым келтіріп, салдарынан көре алмай қалған" , — деді құтқарушылар. 

Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсеткен. "Тұйық-Су" альпинистік лагерінің нұсқаушылары мен Алматы альпинизм федерациясының спортшылары шұғыл түрде Тұйық Су шатқалына альпинистті түсірді.

"Қазіргі уақытта альпинисттің көру қабілеті жартылай қалпына келтірілді. Алдағы уақытта оның денсаулық жағдайын тұрғылықты жері бойынша дәрігерлер қадағалайтын болады", — деп атап өтті ведомстводағылар.


Еске салайық, бұған дейін Көкжайлаудан сырғанамақ болған ер адам, жарақат алғаны жайлы айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар