Алматыдағы ұшақ апатына экипаж мүшелері кінәлі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы ұшақ апатына экипаж мүшелері кінәлі

Алматыдағы ұшақ апатына экипаж мүшелері кінәлі

Алматы маңындағы ұшақ апатына экипаж мүшелері кінәлі! Мемлекетаралық авиация комитеті жүргізген тергеу қорытындысы осындай. «СКАТ» әуе компаниясына тиесілі CRJ-200 ұшағында техникалық ақау болмаған деп тұжырым жасаған мамандар.

  • 4 Наурыз 2015
  • 380
Фото - Caravan.kz

83 беттен тұратын қорытындыда түрлі сызбалар мен кестелер арқылы ұшақтың қалай апатқа ұшырағаны көрсетілген. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары 21 адамның өмірін жалмаған Challenger-200-дің қирандыларын бүге-шүгесіне дейін тексеріпті. Ұшақтан ешқандай ақау табылмаған. Сондықтан мамандар әуе көлігі қалың тұман кезінде тым төмен ұшып, жерге соғылды деген шешімге келді. Бірақ көкке көтерілудің орнына не себепті төмендегенін нақтылау мүмкін болмапты. Сарапшылар енді апатқа тек экипаж кінәлі деп отыр.

— экипаж командирі ұшақ жерге соғылған сәтке дейін шешім қабылдай алмаған.

— апат жайында жолаушыларға дер кезінде ескертілмеген.

— Fly-Navigate-Communicate қағидасы бұзылған. Яғни, екінші пилот радиобайланыс жүргізбей, ұшу параметрлерін де бақыламаған.

— қалың тұманда командир салқынқандылық таныта алмаған.

— экипаж мүшелерінің медициналық тексеруден өтпеуі, бұл тынықпай, денсаулық жағдайының бағаланбай көкке көтерілуін көрсетеді.

Әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтарында болды. Әуежайға жақын жердегі Қызылту ауылының түбінде «СКАТ» компаниясына тиесілі CRJ-200 ұшағы құлап, экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты. Осындай олқылықтың алдын алу үшін авиацияға қатысты бірнеше заңға өзгерту енгізу қажет дейді отандық мамандар. Өйткені қаржыны үнемдегіш әуе компаниялары қандай жағдай болса да ұшқыштарды тізгінге отыруға мәжбүрлейді екен.


Владимир Куропатенко, ҚР Әуе тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы:

Ауа-райы нашар кезде ұшуға тыйым салынуы тиіс. Барлығын басқаратын орталық жоқ, яғни ұшақ командирі өз күшіне сеніп, көкке көтеріле береді. Қазір рейстің кешігуіне тек әуе компаниясы жауап береді, олар бар шығынды өз мойнына алуы тиіс. Содан қашып, әуе компаниялары не болса да ұшақты көкке көтеруге тырысады.