«Бізде 14 күн бар, осы мерзімде біз Алматыдағы қала құрылысына қатысты мәселелерді шешудің нақты тетіктерін ұсынуға тиіспіз», — деді Ө. Шүкеев.
Ол «мақсат-міндеттерді екі топқа бөліп қарастыруды» ұсынды. Вице-премьердің түсініктемесіне сәйкес, бірінші топта Алматы мен Алматы облысындағы табиғат қорғау аумақтарында заңсыз құрылыс салу оқиғаларына қатысты жан-жақты талдау жасау, сондай-ақ, «осындай бей-берекетсіз құрылыс салуға жол берген лауазым иелеріне қатысты ақпарат беру керек».
«Міндеттің екінші тобында аталған аумақта қала құрылысы бойынша тәртіп орнату бағытында ұсыныстар дайындап енгізу, соның ішінде табиғат қорғау аймағындағы заңсыз салынған үйлерді бұзу және тәркілеуді жүзеге асыру және аумақтарды дамыту тетіктерін жасау бар», -деді Ө. Шүкеев.
«барлық мақсат-міндеттер 2 қазанға дейін орындалып, барлық ақпараттар 4 қазанға дейін жинақталып, мемлекет басшысына арналған сапалы есеп 20 қазанға дейін дайын болуға тиіс», — деді Ө. Шүкеев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті