Жарияланды: 510

Алматыдағы «Жібек жолы» базарының ҚР президентінен көмек сұрады

Алматыдағы «Жібек жолы» базарының құрылыс компаниялары ҚР президентінен тапсырыс берушінің қарыздарын қайтаруда көмек сұрады, деп мәлім етті «Аламан Құрылыс» ЖШС (базарды салушы) өндірістік бөлімінің бастығы Раушан Ерғазиева.

«Біз әкімнен бастап ҚР премьер-министрге дейін бардық, бірақ нәтиже шыққан жоқ. Борышкерлер жазаланбай келеді. Сондықтан да бүгін біз Қазақстан президентіне үндеу жасауға мәжбүр болдық. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізден 10-нан аса құрылыс компаниясының еңбек ұжымдарының атынан көмек сұраймыз, өйткені бұл мәселені шеше алатын басқа күш көрмей отырмыз», - деді Р. Ерғазиевасәрсенбі күні баспасөз мәслихатында құрылысшылардың мәлімдемесін оқи отырып. «Аламан Құрылыс» ЖШС еңбек ұжымы кеңесінің төрағасы Ерсайын Әбдраевтың айтуынша, «құрылыс компанияларының тобы, мердігерлік ұйымдар «Жібек жолы» базарында құрылыс жұмыстарын 2010 жылдың ақпан айынан желтоқсан айына дейін жүргізген». «Орындалған жұмыстар үшін төлемнің кешігуі салдарынан біздің компанияларда күрделі жағдай қалыптасты. Кейбір компанияларында қысқартулар, жұмыстан шығару, жалақы төлеуді кешіктіру, салық төлеуде қиындықтар туындады», - деді ол. «Аламан Құрылыс» ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, 27 сәуірде құрылысы бітпеген базардың қасында қарызды өтеуді талап еткен 250 жұмыскер митинг өткізді. Жағдайды тыныштандыру үшін базардың басшылығы аудан әкімінің көзінше қарызды түгелдей 20 мамырда өтейтіні туралы уәде берген. Бұл туралы сәйкес хаттама толтырылып, оған екі жақ қол қойып, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бекітті. «Біз өткізген митингтен кейін бізді қолдаған және өз талаптарын қосқысы келетін бірнеше компания қосылды. Біз бұл акцияларымызды әлі де жалғастыруды көздеп отырмыз. Олардың біздің талаптарымыздың бәрін орындағанын қалаймыз», - деді Е. Әбдраев. Құрылыс компаниясының мәліметтеріне сәйкес, көлемдердің бәрі қуатталды, соттың шешімімен «Жібек Жолы» ЖШС құрылысшыларға қарыздың сомасын түгелдей төлеуге тиіс. Алайда борышкерлер қарызды қайтармай отыр. «Бізге ақша төлемеудің басты себебі көлемге қатысты күдіктері болатын. Құрылған жұмыс комиссиясы көлемдердің бәрін қуаттады. Біз олар 20 мамырға дейін қарызды толығымен жабатыны туралы келісіп, хаттамаларға қол қойдық. Сондай-ақ, біз базардың иелері Александр Машкевич пен Тельман Исмаиловпен де кездестік. Олар да қарызды түгелдей өтейтіндерін айтып, уәде берді. Біз сотта жеңіске жеттік. Бірақ нәтиже теріс. Бүгінгі күні «Жібек жолы» бізде Т730 млн қарыз. Бұл ақшаның негізгі бөлігі – салық бойынша міндеттеріміз, жеткізушілерге, қосалқы мердігерлерге, кредиторларға міндеттеріміз», - дейді «Аламан Құрылыс» ЖШС директоры Бекежан Дәуренқұлов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін