Астана уақыты бойынша 30 шілде күні 03.59-да жер асты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды қазақстандық ғалымдар.
Жер сілкінісі эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 132 км жерде Қырғызстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.9.
"Магнитудасы MPV 3.8. Сезілуі туралы мәлімет жоқ", — деп хабарлады "ҚР БҒМ ғылым комитеті СТӘЭ" сейсмикалық станциялар желісі.