Алматыдан 372 шақырым қашықта жер сілкінді
![]() |
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 6 маусым күні Алматы уақытымен 10 сағат 6 минутта жер сілкінісін тіркеді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат.-қа сілтеме жасап хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 372 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0, тербелісі – 4.1. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін