Пойыз «Тұран-Экспресс» компаниясының меншігінде болған. Ондағылар Қапшағай бағыты өзін ақтамады деп отыр. Өйткені, жолаушы аз. Күніне 900 адам тасимыз деген жоспарлары іске аспай, бар-жоғы 5 адаммен салдырлап бос қатынаған. Оның үстіне, теміржол мен вокзалды жалға алу құны ұшынып тұр екен. Естеріңізге салсақ, су жаңа пойыз 19-шы маусымда ғана іске қосылған еді. Енді, оның жұмысын әрі қарай жалғастыруы екіталай.
Роман Ботабеков, «Тұран-Экспресс» компаниясының бас директоры:
— Көп адам уәдесінде тұрған жоқ. Осынша-осынша жолаушылар береміз. Бүкіл адамдарды өзіміз отырғызамыз деді. Әкімдік түк жұмыс істемейді. Бүкіл халыққа айтулары керек.