Алматыэлектротранс басшысы орнынан кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыэлектротранс басшысы орнынан кетті

Алматыэлектротранс басшысы орнынан кетті

Талғат Абдырахманов "Алматыэлектротранс" ЖШС басшылығынан кетті,

  • 2 Қазан 2015
  • 670
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Today.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматы қаласының әкімдігінің қаулысымен 2015 жылдың 1 қазанынан бастап, "Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестік төрағасы болып Төреалы Төлегенов тағайындалды. Өз кезегінде "Алматыэлектротранс" ЖШС бұрынғы басшысы қызметін өз еркімен тоқтатты", — делінген хабарламада.

Алматыда нәтижесінде бес адам зардап шеккен трамвайдың қатысуымен болған ЖКО-дан кейін ЖШС қоғамның назарында екенін айта кету керек.

Оқиға 21 қыркүйекте орын алдған. Басқарусыз трамвай оңтүстік бағытқа қарай Байтұрсынов көшесімен жүріп бара жатып, 14 көлікке соқтығысқан болатын. Трамвай жүргізушісі ТЖ күні емтихан тапсырып жүрген және келесі күні жолға шығу керек болатын. Болған жайттың себебі туралы "Алматыэлектротранс" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Беріққан Мырзакәрімов трамвайдың тежегіші жұмыс істеп тұрды деп жауап қатты. Сондай-ақ, деподан хабарлағандай түтін исін сезген жүргізуші адамдарды қауіпсіз жерге шығарған. Трамвай қозғалыс үлкен көшеде тоқтағандықтан, полиция дөңгелектерді бұғаудан шығаруын талап етіпті-мыс. ІІД мұны жоққа шығаруда.


Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Трамвай жүргізушісі Елена Стекольникова Today.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында трамвайдың тежегіші бұзылғанын айғақтайтын дәлелдері барын айтқан.

Соңғы жаңалықтар