Жарияланды: 570

"АлматыГазИнжиниринг" агенттіктің Мүгедек әйелдер қоғамының талаптары бойынша берген ақпаратына түсініктеме берді

Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "АлматыГазИнжиниринг" ЖШС агенттіктің 29 шілдедегі "Бибі-Ана" мүгедек әйелдер қоғамының олардың кеңселері орналасқан талаптары бойынша берген ақпаратына түсініктеме берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"АлматыГазИнжиниринг" компаниясы агенттік атына хат жолдапты. Онда жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылған. "Біріншіден, Мүгедек әйелдер қоғамы жоғарыда көрсетілген кеңсенің иесі емес және ешқашан ондай болмаған. Аталмыш жылжымайтын мүлік нысанының заңдық құжаттарының қоғам өкілдерінде болмауы оған дәлел бола алады", - деп жазады компания. "Екіншіден, 2002 және 2005 жылдар аралығында жоғарыда көрсетілген ғимараттағы қоғам өкілдері көрсеткен 446,7 шаршы метр емес, 283 шаршы метр болатын кеңсені алып жатқан аумақты жалға алған, яғни, уақытша иелік еткен және пайдаланған. Тиісінше қазіргі уақытта жалға алу келісімінің әрекет ету уақыты аяқталды", - деп хабарлайды "АлматыГазИнжиниринг" "Үшіншіден, бұрын қоғам кеңсесі орналасқан ғимараттың меншік иесі қазіргі уақытта "АлматыГазИнжиниринг" ЖШС. "АлматыГазИнжиниринг" ЖШС құқығы және қоғамдық ұйымның бұрын жалға алған аумаққа таласуының дәрменсіздігі 2008 жылдың 3 сәуіріндегі арнайы ауданаралық экономикалық сотының заңдық күшіне енген шешімімен де расталады", - деп көрсетілген хатта. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін